Перизат Қайрат ісі бойынша сот үкімі 24 шілдеде шығады

Перизат Қайрат ісі бойынша сот үкімі 24 шілдеде шығады

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша соттағы жарыссөз өтті. Жалпы, іс бойынша 47 адам жәбірленуші деп танылған. Олар сотта кезекпен куәлік етіп жатыр. Жәбірленушілердің бірі қайырымдылық желеуімен жиналған қаражаттың мақсатсыз жұмсалғанын алға тартып, айыпталушыларға қатаң жаза қолдануды сұраса, енді бірі Ғайни Алашбаеваның денсаулығына байланысты оны үй қамақта қалдыруды өтінді. Айта кетейік, кеше Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот үкімі ертең шығады.