Шекарадағы кеден бекеттері толық цифрлық жүйеге көшірілді

Шекарадағы кеден бекеттері толық цифрлық жүйеге көшірілді

Шекарадағы кеден бекеттері толық цифрлық жүйеге көшті. Бұл туралы V Еуразиялық экономикалық форумында QAZTRADE бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров мәлімдеді. Оның сөзінше, ақпараттық жүйелер транзиттік рәсімдерді жеделдетуге және логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың сауда әріптестері арасында үздік үштікке кіреді. Еліміздің бірлестікке мүше мемлекеттермен тауар айналымы 30 млрд доллардан асады. Оның 10 миллиарды Қазақстанның экспортына тиесілі. Электрондық жүйе бұл көрсеткішті арттыруға сеп болады дейді мамандар.