Шегірткеге қарсы күреске 7,2 млрд теңге бөлінген

Шегірткеге қарсы күреске 7,2 млрд теңге бөлінген

Биылғы шегірткеге қарсы күреске бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер қауіпті зиянкестерді түпкілікті жою үшін техника да, химиялық препараттар да жеткілікті дейді. Жалпы жоспар бойынша 2 млн 200 мың гектар жер өңделуі тиіс, бірақ әзірге оның үштен бір бөлігіғ яғни 730 мың гектар аумақ тазартылған. Биыл шегірткеге қарсы күреске арнайы дрондар тартылған. 556 бүрку техникасымен бірге 103 жаңа дрон алынған. Зиянкестер әсіресе Түркістан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында көп. Егістік алқаптары зардап шеккен шаруалар шығынның салдарын көріп отыр. Қолданыстағы дәрілердің тиімділігі 95 пайыздан жоғары, дейді мамандар.