Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары басталды

Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына 2 күндік мемлекеттік сапары басталды. Бірінші бортты Мәскеудің Внуково әуежайында ресейлік тарап жоғары құрметпен қарсы алды. Бұл сапар барысында экономиканы ілгерілетуге ынтымақтастықты кеңейтуге және ірі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады. Өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы саласында бірқатар келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған. Тараптар қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды бірлесіп дамыту және сауда-саттықты цифрландыру мәселелерін де талқылайды.