Қазақстан ОПЕК+ шешімін қолдайды
Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға басымдық бере отырып, мұнай өндіру
көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды. Бұл туралы Мемлекет
басшысы осы ұйымның хатшысы Хайтам әл-Гаиспен кездесуде айтты. Президент
ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған
күш-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін
импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтаудың маңызды екенін
жеткізді.

