Мемлекет басшысы Мажарстанға ұшып барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі
мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке ұшып барды. Бұл
туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін
Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

