Қазақстан өзен флотын дамытады

Қазақстан өзен флотын дамытады

Қазақстанда жайық өзені арқылы экспорт саласын дамыту көзделуде. Ол транзиттік болады деп жоспарлануда. Қазір еліміздің көлік министрлігінде «Атырау-жайық-Каспий каналы-Транскаспий халықаралық көлік маршруты» бағытын дамыту мәселесі талқылануда. Жоба 2026 жылы толыққанды жүзеге асырылмақ.

 

Нұрсұлтан Яхиден, ҚР Көлік министрлігінің бас сарапшысы

-  Бұл жобаны жүзеге асырып, Жайық-Каспий каналының кеме өткізетін параметрлерін қалпына келтіру үшін министрлік 2024-2025 жылдары тереңдікті арттыру жұмыстарын жоспарлауда. Бұл тереңдікті 2,5-3 метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне салмағы ауыр кемелердің өзеннен еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Бұл бағытта біз келешекте күкірт пен полипропилен тасымалдаймыз деп отырмыз. Бұл жобаны жүзеге асыру тасымалдау көлемін 1 млн тоннаға дейін арттырады.

 

Одан бөлек, Қазақстан Көлік министрлігі мультимодальдық транзиттік дәлізді дамыту мәселесін де жоспарлауда. Ол Ертіс өзен арқылы жаңа жүк тасымалдау бағытын ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, Ресей мен Қытай арасындағы жүк еліміз арқылы тасымалданады.