Шымкентте өткен Тамыз кеңесіне Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты
Орта білім беруде «Жасанды интеллект» бағдарламасын
тиімді әрі қауіпсіз пайдалану үрдісі жүруде. Бұл оқушылармен қатар ұстаздардың
да жұмысын арттыруы тиіс. Мұны Президенттің өзі айтып жүр. Шымкентте өткен
дәстүрлі тамыз конференциясына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деді.
Соңғы 2 жылда мұнда 39 жаңа мектеп ашылған. Тағы да салынып жатқандары көп.

