Зейнетақы алымының шекті межесі 2 есе көтерілді

Зейнетақы алымының шекті межесі 2 есе көтерілді

Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енеді. Енді оған сәйкес, оның бір бөлігін алуға болатын «жеткілікті шек» көп салымшы үшін жеткіліксіз болып отыр. Яғни, үй алу, ипотеканы жабу, емделуге пайдалану үшін жинағыңыз әжептәуір болуы тиіс. Өйткені шекті меже 2 есе артқан. Еңбек министрлігі қарттыққа да қаражат қалсын деген принциппен жұмыс істеп отырғанын айтты. Себебі осы уақытқа дейін зейнетақы жинағынан салымшылар 5,9 трлн теңгені алып үлгерген.