MSC компаниясы көлік-логистика саласына инвестиция құймақ
Каспий жағалауындағы порт инфрақұрылымына MSC групп компаниясы инвестиция құймақ. Сондай-ақ еліміздің логистикалық терминалдары мен темір жолына, авиа жүк тасымалына капитал салмақ. Бұл жөнінде Мемлекет басшысымен кездескен Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигрист айтты. Бастама логистикалық әлеуетті арттырып, Азия мен Еуропа арасындағы жүк ағынын еселеуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы компанияның Қазақстан нарығындағы қызметіне жоғары баға берді. Көлік-логистика саласының әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралармен таныстырды.

