Құрметке лайық абзал жандар

Құрметке лайық абзал жандар

Кәсіби мереке қарсаңында Көкшетауда медицина мамандары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Сала үздіктеріне «Құрмет» ордені, «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Саланың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысда 12 мыңнан астам медицина маманы еңбек етеді.