Қазақстанға 18 Boeing ұшағы жеткізіледі
Қазақстан 18 Boeing ұшағын сатып алады. Air Astana америкалық әуе
компаниясымен осындай келісімге қол қойды. Оның жалпы құны 7 миллиард доллар.
Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостердің айтуынша,
алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы келесі жылы елге жеткізіледі. «Dreamliner
ұшағының салоны жайлы, отынды үнемдейтін, түрлі қашықтықты оңай еңсеретін әуе кемесі. Осындай үлгідегі 18 ұшақтан
тұратын флоттың арқасында жолаушыларға жоғары сапалы әрі жайлы қызмет көрсете
түсеміз» – деді ол. Айта кетейік,
Uzbekistan Airways әуекомпаниясы 22 Boeing 787 Dreamliner ұшағын 8 млрд
долларға сатып алады.

