Министр QAZVAC вакцинасын ДДҰ неліктен тіркемегенін түсіндірді

Министр QAZVAC вакцинасын ДДҰ неліктен тіркемегенін түсіндірді

Пандемия кезінде шығарылған QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркемей отыр. Түйткіл неде? Сала министрі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистердің сұрағына жауап берді. Ақмарал Әлназарованың айтуынша аталған халықралық ұйым елдің өтінішін қарастырған. Бірақ, сертификат алу үшін екпе зауыты тағы қосымша өндіріс желісін салуы тиіс екен. Сол басты шарттардың бірін орындау үшін  жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Дегенмен, ескере кету керек, компания қаңырап бос қалған жоқ. Тек көлемі азайған. Одан бөлек онда өзге де ауру түрлеріне қарсы препараттар шығарылып жатыр.