Жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды

Жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды

«Қазақмыс корпорациясы» 2025-2029 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартқа қол қойды. Жаңа құжатта компания басшылығы, кәсіподақ ұсыныстары және қызметкерлердің талабы ескерілген. Ұжымдық шарт қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және корпоративтік әлеуметтік саясатты дамытуға бағытталған.