«Бозжыра» визит орталығы аймақ туризмін дамытады
Маңғыстау облысында құрылысы басталған «Бозжыра» визит орталығы туристік кластерді дамытуға тиіс. Бүгін жоба Президентке таныстырылды. Орталықта сапалы қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, медициналық алғашқы жәрдем, заманауи экодәретханалар, этнокофеханалар, елдің мәдениетінен сыр шертетін тарихи мұражай ашылады. Бұдан бөлек, экологиялық мәселе туындамас үшін инфрақұрылым жақсарады. Өйткені орталық бір мезетте екі мың турист қабылдай алады. Қажетті ақпаратпен қамтылған арнайы мобильді қосымша да әзірленген.

