Үкімет Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға кірісті

Үкімет Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға кірісті

Бүгінгі Үкімет отырысы Президент жолдауын талқылаумен басталды. Олжас Бектенов жолдау елдің инновациялық дамуына жаңа серпін береді деді. Ауқымды цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесін құруға жол ашуы тиіс. Бұл бағыт мемлекет экономикасын әртараптандыруға, кешенді жаңғырту жасауға және жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етпек. Ең бастысы Үкімет 3 жыл ішінде Digital Qazaqstan жобасын іске асыруға міндетті.