Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ақордада айтылды. Мемлекет басшысы Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидиді қабылдады. Кездесу барысында көлік-логистикалық, ауылшаруашылық, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы байланысты нығайту мәселесі талқыланды.