Қазақстан Қытайда транзиттік автотасымалдау құқығын алды

Қазақстан Қытайда транзиттік автотасымалдау құқығын алды

Қазақстанның жүк көліктері енді Қытайдың ішкі жолдарында емін-еркін жүре алады. Кез келген қаласына кіріп, тауарын тиеп, Еуропаға жеткізеді. Қытай Қазақстанға осындай автотасымалдау құқығын беріп отыр. Мұндай мүмкіндай басқа бірде-бір елде жоқ. Бұл тасымалдау уақытын айтарлықтай  азайтып, транзиттік хаб ретінде елімізді күшейтеді. Халықаралық автотасымал аясы мұнымен шектелмейді. Былтыр Үкімет 42 мемлекетпен келісімге келген. Өткен жылы 36,9 млн тонна жүк тасымалданды. Ел бойынша 13 мың шақырым автожол жөнделді. Нәтижесінде республикалық маңызы бар автобандардың 94%-ы жақсарды. Алдағы екі жылда шекарадағы 37 өткізу бекеті жөнделіп, жаңарады. Авиацияда да өсім бар. Әуе паркімізде 109 ұшақ бар. 30 елге 135 халықаралық бағыт ашылды. Нарыққа жаңа әуе компаниялары келді. 35 халықаралық рейс іске қосылды. Теміржол тасымалы 320 млн тоннаға жетті. Ал теңіз көлігімен жүк жеткізу 7%-ға артқан.