Жобалардың орындалуы қатаң бақылауға алынады

Жобалардың орындалуы қатаң бақылауға алынады

Қазір елде су саласын дамыту үшін жалпы құны 3,2 триллион теңгеден асатын 160 жоба іске асуда. Биылдың өзінде бес су қоймасы жаңартылып, шамамен 1,5 мың шақырым канал жөнделген. Сондай-ақ, миллионға жуық адамды сапалы ауыз сумен қамтитын 22 жоба жоспарда тұр. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен отырыста айтылды. Жауаптылардың  мәліметінше, келесі жылы тағы мың шақырымға жуық канал пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде 200 мың гектарға жуық суармалы алқаптың суландыру жүйесі реттеліп, ауылға таза ауыз су жеткізіледі. Олжас Бектенов өңір әкімдеріне бұл жұмысы күшейтуді тапсырды. Оған қоса ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін толық енгізу мен гидротехникалық құрылыстардың цифрлық паспорттарын әзірлеу де күн тәртібінен түспеу керек.