«Жасыл аймаққа» жыл сайын 5 млн түп көшет отырғызылады
Талаптансаң, тал-теректен тұтас орман жасауға болады. Астана маңындағы «Жасыл аймақ» – соның дәлелі. Осыдан 26 жыл бұрын егілген көшеттер бүгінде нағыз саялы баққа айналған. Қатарында ұзындығы 20 метрге дейін жететін ағаштар да бар. Әрине, «Жасыл аймақтың» міндеті – елорда маңын орманға айналдырып, қатты жел құрсауында қалатын шаһарға мейлінше ық жасау, климатына оң әсерін беру болған. «Жасыл аймақ» өз миссиясын орындай алды ма? Елорданың кісі ұшырар дауылы қаншалықты басылды? 26 жылда қанша түп ағаш отырғызылды?

