Президенті мемлекет қайраткері Икрам Адырбековті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі мемлекет қайраткері, Түркі
мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбековпен «TURKTIME!» бағдарламасының басты бағыттарын жүзеге асыру
мәселелерін талқылады. Президент Кеңес
бауырлас елдер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға елеулі үлес
қосатынына сенім білдіріп, университеттердің филиалдарын бірлесіп ашуға,
бірлескен ғылыми зерттеулер мен экономикалық жобаларды жүргізуге ерекше назар
аудару керектігін тағы да атап өтті.

