Мал бордақылауға субсидия беріледі

Мал бордақылауға субсидия беріледі

Енді мал бордақылау ісімен айналысатын шаруалардың субсидия алуына мүмкіндігі бар. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызбен, 12 айға дейін жеңілдетілген несие беріледі. Сондай-ақ, тірі ірі қара малын экспортқа шығаруға да рұқсат берілген. Былтыр 28 мың бас жылқы шетелге сатылған. Мұндай мүмкіндіктер ұсақ мал бағытында жұмыс істейтіндерге де қарастырылған. Жалпы, мал шаруашылығы – отандық агросектордың негізгі бағыттарының бірі. Ол саладағы жалпы өнімнің 40%-ын қамтиды. Қазір бұл сегментті толықтай цифрлық жүйеге енгізу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, соңғы 5 жылдан бері Қазақстанда маусым айының екінші жексенбісі мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Биыл бұл дата 14 маусымға сәйкес келеді.