42 мыңнан астам азамат әскерге шақыртылады

42 мыңнан астам азамат әскерге шақыртылады

Биыл 42 мыңнан астам отандасымыз әскерге шақыртылады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мәселен былтыр 40 148 сарбаз әскерге барған. 2023 жылы 37 мың азамат Отан алдындағы борышын өтеген. Ал, әскерден жалтарғандар әкімшілік жауапқа тартылады. 20 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі биыл 3 мың азамат міндетті әскери жиынға шақырылатынын мәлімдеді.