Қаламгерлер қар тазалады

Көктем табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жаңданатын мезгіл. Айрықша мейрам — Ұлыстың Ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарымен астасады.

Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Бірақ , Астанаға көктем кеш келетінін ескерген бір топ жазушы тал емес, қар күреп, жаңару күнін жақсы іспен қарсы алды.