Қазақстандық сазгердің операсы Ұлыбританияның 4 қаласында орындалады

Қазақстандық саз әлемінің жарқын өкілі. Тұңғыш рет отандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады.  Бірегей «The Bruce» шығармасы XIV ғасырда билік құрған Шотландия короліне арналған. Аталған туындының әлемдік премьерасы биыл 17 ақпанында Глазго соборында өтеді. Ал ақпанның 21 мен 24 және наурыздың 3-і күндері «Болашақ» бағдарламасының дарынды магистранты Біріккен Корольдіктің кеңге танымал тағы үш бірдей соборында концерт береді. Қазақстандық сазгер діни ғимараттардың бәрінің тәуелсіздік үшін күрескер ұлы монархпен тығыз байланысы барын айтады. Ол Эдинбургтегі Әулие Джайлс соборы, Сент-Эндрюс университетіндегі Әулие Сальватор шіркеуі және Данфермлайн аббаттығынның ғибадатханасы. Жалпы Либретто Джон Барбурдың аттас ортағасырлық поэмасына негізделген. Бұл  еңбек отандық өнер майталманының докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды. Бүгінде Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық қорында 150 астам музыкалық туынды бар. Ол үш ауқымды операның авторы. Жаңа жұмысының тұсаукесеріне мұқият қамданып, күнделікті дайындық үстінде жүрген өнерпаз қойылымға тарихшылар, тіл мамандарын, ақын-жазушылар мен органистерді, костюм дизайнерлерін, тіпті ақсүйек Брюс әулетінің өкілдерін де шақырғанын айтады. Сахнада шотландиялық опера әншілері, дирижерлер мен актерлер өнер көрсетеді. Ал, орган партиясын Рахат-Би Әбдісағиннің өзі ойнайды.

Рахат-Би Абдісағин, композитор:

-Бұл тек «Брюс» опералық туындысының премьерасы емес, бұл соборлық операның жаңа жанрының тұсаукесері десек болады. Ол толық опералық қойылым. Шығарма сахна талаптарына толық  жауап береді. Сондықтан да басты рөлді сомдаушы, өзге де партияларды ойнайтын, оқитын актерлер, әншілер ансамблі адамдар болады. Яғни, бұл толықтай театрландырылған қойылым. Ондағы бар косюмдердің өзі сол дәуірге тән болу үшін дәлме- дәл реконструкцияланған.