Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

Қазақстандық ғалым Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік топ-ғалымдары қатарына енді. International Woman's Day жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті нәзік жандылардың тізімін жариялады. Күнсұлу Закария – биологиялық қауіпсіздік саласындағы беделді ғалым. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері халықаралық жоғары рейтингі бар журналдарда басылып шықты. Ол көптеген ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың, патенттердің, профилактикалық және диагностикалық препараттарды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттардың авторы. Қазақстанда әзірленген QazVac вакцинасы - тазартылған, концентрацияланған, белсенділігі жойылған препарат. Оның тиімділігі, зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес 90%-дан жоғары.

Сондай-ақ, пандемиямен күреске қосқан елеулі үлесі үшін Сара Гилберт, Катрин Янсен, Кизмекия Корбе, Елена Смолярчук, Сумати Кей, Хэнеке Шутмэкер және Озлем Туречи де тізімге енгізілді.