Мемлекет басшысы Әділет министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Әділет министрін де қабылдады. Ерлан Сәрсембаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары жөнінде есеп берді. Сондай-ақ Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру туралы баяндады. Бұдан бөлек, нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті. Сонымен қатар министрге бірқатар тапсырма берді.

