Қазақстанда темір жол арқылы жолаушы және жүк тасымалдау қарқыны артты

Қазақстанда темір жол арқылы жолаушы және жүк тасымалдау қарқыны артты

Қазақстанда қаңтар айында темір жол арқылы жолаушы және жүк тасымалдау қарқыны едәуір артты. 

 

Екі бағыт бойынша да өсім көлемі 6% құраған. Жалпы, темір жол бойынша бір ай ішінде 1 млн 800 мың жолаушы қатынаған. Ал биыл алғашқы айда 32 млн тонна жүк тасымалданды. 

 

Energyprom.kz порталының мәліметінше, қалааралық темір жол бағыттары бойынша жолаушы тасымалы саласының негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 48 млрд тенге  шамасында болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 3,3% артық. Бұл ретте сектордағы ең жоғары нәтижені Солтүстік Қазақстан облысы көрсетіп отыр. Онда салаға 28,5 млрд теңге құйылған. Өңірдің үлесі жалпы мемлекеттік көрсеткіш көлемінің 59,8% алып отыр. Үздік үштіктің қатарында Қарағанды мен Жетісу аймақтары бар. 

 

Темір жол арқылы жүк тасымалы саласының негізгі капиталына инвестицияға келер болсақ, былтыр бұл көрсеткіш 239 млрд теңгеге жеткен. Бұл бағыттағы өсім 2,4 есе болды. Қаражаттың негізгі бөлігі Астана қаласына келді. Бұл дегеніміз 78% немесе 188 млрд теңге. Ақмола облысында да едәуір өсім тіркелді. Қалған қаржы еліміздің 8 өңіріне тиесілі.