Жаңа су кодексі күшіне енді

Жаңа су кодексі күшіне енді

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді. Құжатқа алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Бұл халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан сақтау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз етеді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алатын «экологиялық ағын» деген де ұғым қосылды. Енді халық Су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға қатысады. Ал, су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады. Су объектілерін қорғау бойынша талаптар кеңейтілді. Бұдан былай шағын өзендерге тұйық бөгеттер салуға болмайды. Сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтар да арнайы қорғауға алынады. Сондай-ақ, тасқын және еріген суды жинап, құрғақшылықта пайдалану үшін сақтау, ауыл шаруашылығында тазартылған немесе тұщытылған теңіз суын қолдану қарастырылған.