Мемлекет басшысы сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада алты елдің елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды. Олар Израиль, Қырғыз Республикасы, Куба, Ливан, Зимбабве, Сомали республикасының төтенше және өкілетті елшілері. Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген ішкі саясаттағы бастамаларын айтты. Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

