Қазақстан Govtech Prize 2024 жеңімпазы атанды

Қазақстан Govtech Prize 2024 жеңімпазы атанды

Қазақстан Govtech Prize 2024 жүлдесінің жеңімпазы атанды. «Отбасының цифрлық картасы» жобасы Дубайдағы Дүниежүзілік үкімет саммитінің  аясында үздік деп танылды. Еліміздің электронды порталы «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатында жоғары бағаға ие болды. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және отбасылардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған инновациялық тәсілдердің маңыздылығын көрсетеді. Отбасының цифрлық картасы – 40-тан астам мемлекеттік дерекқордан азаматтар туралы ақпаратты ескеретін бірегей скорингтік модель екенін атап өткен жөн. 100-ден астам критерийге сүйене отырып, модель отбасылардың әл-ауқатының санатын анықтауға көмектеседі. Осылайша, тұғырнама мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.