Сыртқы сауда айналымы 6 жылда 1,5 есе өсті
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы кейінгі алты жылда 1 жарым есе өсті. Үкімет басшысы сұхбатында сауда-экономикалық байланыс жайына да тоқталды. Қазір өзге елдермен алыс-беріс 141 миллиард доллардан асады. Соның 80 миллиарды экспорт. Бізден сыртқа жалпы саны 100-ден астам тауар сатылады. Оның ішінде түрлі концентраттар, көліктер бар. Тіпті, еліміз локомотив пен тікұшақ та саудалайды. Олардың үлесі 2019 жылдан бері 1 пайыздан 6 пайызға дейін өсті. Алыс-берістің 30 пайызы Қытайға, 27 пайызы Ресейге, 20 пайызы Италияға тиесілі.

