«Ең мықты» реалити-шоуының түсірілімі басталды

«Ең мықты» реалити-шоуының түсірілімі басталды

Алматы облысында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруге арналған «Ең мықты» реалити-шоуының түсірілімі басталды. Арнамыздың эфирінен көрсетілетін жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген кеншілер, теміржолшылар, металлургтер сияқты мамандық иелері іріктелген. Қатысушылар сан алуан сынақтан өтеді. Шыдамдылығы мен қажыр-қайратын дәлелдейді. Бас жүлде – елордадан пәтер. Жобаны журналист Дина Төлепберген жүргізеді. Бағдарлама көрерменге күзде жол тартады.