SAQ жобасына қатысушылар тексерістен өтті

SAQ жобасына қатысушылар тексерістен өтті

Бүгін Астанадағы нөмірі 101-і орта мектептен өрт шықты. Абырой болғанда балалар тез арада ғимараттан қашып үлгерді. Мұғалімдер мен оқушылардың төтенше жағдайға әзірлігін тексеруге арналған оқиға желісі осылай өрбіді. 

Тілсіз жау тұтқұйылдан соққанда тез әрекет ету керек екенін балалар жақсы түсінеді. Сондықтан Дабыл қосылған бойда бәрі далаға шықты. Ал, олардың дайындығын пысықтау үшін caravan knowledge корпоративтік қоры былтыр SAQ жобасын іске қосқан еді. Арнайы оқудан 200-ден аса мұғалім өтті. Солардың бірі - Гүлнұр Төлегенова. 

Гүлнұр Төлегенова, №101 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі: 

- Оқу жылға созылды. Бірнеше модуль бойынша дайындалдық. Онлайн әрі офлайн білім алуға болады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.

Жоба «Шеврон» компаниясының қолдауымен, Ұлттық еріктілер желісі әзірлеп қосылды. Пайдасын да көріп үлгердік. Мәселен, мектепте өрт болған жағдайда, оқушылар стандарт бойынша 6 минутта ғимараттан шығып үлгеруі керек. Ал, бұл жолғы оқу-жаттығу кезінде көрсеткіш 5 минутқа да жетпеді. Яғни, SAQ-ты оқып, сақтыққа үйренгендер кез-келген апатқа дайын. 

Лейла Айтмұханова, «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бойынша кеңесшісі: 

- Естеріңізде болса,2024 жылы Алматыда су тасқыны мен жер сілкінісі болды. Сол кезде дайындықты күшейту керек екенін түсіндік. Содан серіктестерімізбен жаңа жоба жасап, ойымыз іске асты. Қазір арнайы стандарттарды меңгеру үшін оқушылар мен мұғалімдерге жағдай жасаудамыз. 

«SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізумен ерекшеленеді. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану оқушылар мен мұғалімдерге материалды жақсырақ түсініп, игеруге көмектесті.