Елордада өтетінен ШЫҰ саммитіне 15 елдің басшысы келеді
Келесі апта Астанаға 15 мемлекеттің Президенті келеді. Өйткені, шілденің үші мен төрті күндері Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл маңызды шараға Президенттерден бөлек, Үкімет басшылары да қатысады. Жалпы, ұйымға 9 ел мүше, одан бөлек диалогқа қатысатын 14 серіктес мемлекет бар. Үш ел - Ауғанстан, Моңғолия, Беларусь бақылаушылар қатарында. Басты мақсат – мүше мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынасты нығайту. Саяси-экономиканы дамыту.

