Шымкентте ауқымды плац-концерт өтті

Шымкентте ауқымды плац-концерт өтті

Отан қорғаушы күні мен Қазақстан Қарулы күштерінің 34 жылдық мерекесіне Шымкентте ауқымды плац-концерт өтті. Әскери парадқа қала гарнизонының қарулы күштері, Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж ұландарынан бастап тәжірибелі офицерлерге дейін қатысты. Жас сарбаздар сапқа тұрып, қойын-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

¤

Әуесбек Айбек алғаш рет әскери парадқа қатысқалы тұр. Бойда аздап қобалжу бар. Дегенмен жауапты кезеңде қаруластарымен иық тіреп, сап түзеу бала күнгі арманым , дейді жас ұлан .

Әуесбек Айбек, курсант:

-Бұл жолды таңдауыма басты себепкер ол менің әкем болды. Менің әкем де осы әскери қызметте. 1 сыныптан бері бұл менің басты арманы болып табылады.Әскери колледж бұл менің болашақтағы әскери құызметке деген жолымды ашудың басты бір себебі.

Алаңға 35748 әскери бөлімі мен Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің ту ұстаушылар тобын капитан Мақсұд Жасұлан бастап келді. Сарбаздардың саптағы жүрісіне Шымкент гарнизонының барлық әскери түрлері қатысты.

Мақсат Ақшалов, С. Рахымов атындағы әскери колледждің бастығы:

-Шымкент гарнизонының барлық әскери түрлері қатысуда. Бұл жерде біз әскер өмірінің саптық дайындығын,батырлығын,байсалдылығын, қайсарлығын көрсетеміз. Өзім 199 жылдан бері саптамын. Қазақстан еліміздің тұрғындарына барлық жақсылықты тілеймін.Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

Мерекелік жиында жас сарбаздар қызмет барысында үйренгенін көпшілікке көрсетті. Жас ұландар қаруды шебер меңгеріп, жауынгерлік дайындық пен қойын-қолтық ұрыста бірлесе әрекет ету қабілетін  паш етті.

Гүлмира Оспанова, «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрайымы:

-Қазақ халқының даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының бойындағы жауынгерлік рух біздің жастарымыздың бойына жұғысты болсын дейміз.  Бауыржан Момышұлы атамыз; Адам болу қасиет, азамат болу міндет, Патриот болу парыз деген. Отанды қорғау қасиетті парз екенін айтып өтті.

Плац-концертте қала тұрғындары сарбаздар дайындаған патриоттық әндер тыңдады. Әскери қызметшілермен естелік суретке түсіп, оларды мерекелерімен құттықтады.