Immigration Index 2026: Қазақстан – миграцияға ең қолайлы ТМД елі

Immigration Index 2026: Қазақстан – миграцияға ең қолайлы ТМД елі

Қазақстан ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет деп танылды. Америкалық Remitly басылымы Immigration Index 2026 деп аталатын рейтингті жариялап, онда еліміз 83 елдің ішінде 53-орынға жайғасты. Жалпы бағалау 34 көрсеткіш бойынша жүргізілген. Яғни, елдегі азаматтар үшін қауіпсіздік, білім мен денсаулық сақтау, баспанаға қолжетімділік, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және әл-ауқат деңгейі ескерілген. Рейтингке сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 9 мемлекет мүше. Соның ішінде Immigration Index рейтингінде Әзербайжан 66-орында, Армения 74-орында, Өзбекстан 75-орында тұр. Өмір сүруге ең қолайлы ел ретінде Швейцария таңдалған.