Оқушылар Ақорданы аралады

Оқушылар Ақорданы аралады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы да кішкентай қонақтарды қабылдады. Яғни, елдің әр аймағынан келген үздік деп танылған 100 оқушы Ақ сарайды аралап, Президенттің жұмыс орнын көруге мүмкіндік алды. Кішкентай меймандар арасында бұл экскурсияға ерекше дайындықпен келгендері де бар. Бірі өлең оқып, ән салса, енді бірі арнайы костюм алып, барынша сән-салтанатпен жеткен.