«Ата. Бала. Немере – Әже. Келін. Немере» атты отбасылық байқау
Ұрпақтар сабақтастығы – ұлт тәрбиесінің бастауы. Бүгін Астана қаласында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ата. Бала. Немере – Әже. Келін. Немере» атты отбасылық байқау өтті. Басты мақсат – ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Ұрпақтар сабақтастығын ұлықтауды мақсат еткен байқауға Астана қаласының бес бірдей ауданынан зейнеткерлер мен отбасы мүшелері қатысты. Олар командалық жарыс форматында өз өнерлерін ортаға салады.

