Жол саласының үздіктері марапатталды

Жол саласының үздіктері марапатталды

2 мың 700 шақырым - бұл Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы. 2025 жылы оның орташа есеппен 137 шақырымы жөндеуден өткен. Қазір «Жезқазған – Қызылорда» және «Жезқазған – Қарағанды» бағыттарында да жөндеу жүруде. Әрине, осындай күрделі жұмысты атқару оңай емес. Сондықтан автожол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстың инфрақұрылымын реттеуде тер төгіп жүрген азаматтар марапатталды.