Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға 11 млн теңгеден астам айыппұл салынады
Елімізде мемлекеттік рәміздерді заң
талаптарын бұза отырып пайдаланғандарға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
айыппұл салынады. Бұл 196 600 теңге. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің
458-бабында осылай деп көрсетілген. Ал Мемлекеттік туды, Елтаңбаны, Гимнді
қорлағандардың жазасы, тіпті, ауыр. Айыппұл мөлшері 11млн 796 мың теңгеге дейін
жетеді. Бұдан бөлек 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол
мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Осы тұста ескертейік, заңды білмеу
жазадан босатпайды.

