Маңғыстауда халықаралық деңгейдегі мұз сарайы ашылды

Маңғыстауда халықаралық деңгейдегі мұз сарайы ашылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Ақтау қаласында халықаралық стандарттарға сай салынған жаңа мұз сарайы ашылды. Жоба мемлекет басшысының спорт нысандарын салуға жеке инвесторлар тарту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Мұз айдыны халықаралық стандарттарға сай, яғни Олимпиадалық ойындарға спортшы дайындауға мүмкіндік береді.