2026 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы көлемі 10%-ға ұлғаяды

2026 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы көлемі 10%-ға ұлғаяды

Келесі жылдан бастап зейнетақы 10 пайызға көбейеді. Ал, айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге дейін көтеріледі. Сенат республикалық бюджет туралы заң жобасын қарауға алды. Құжатта негізгі әлеуметтік көрсеткіштер белгіленген. Атап айтқанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге деп бекітілді. Зейнетақы 69 049 теңгеден басталады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге маңайында. Тек, ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді. 85 мың. Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынғанымен, Үкімет бұл ұсынысты қолдамады. Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған ай сайынғы өтемақы 3739 теңге болып белгіленеді.