Болашақ мұнайшылар оқитын арнайы химия сыныбы ашылды
Оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Атырау облысына қарасты Махамбет ауданындағы орта мектептердің бірінде заманға сай жабдықталған химия кабинеті бар. Оны жабдықтауға «Каспий Құбыр Консорциумы» компаниясы тікелей қолдау білдірген. Енді мұнда болашағын мұнай саласымен байланыстырғысы келетін ұл-қыздар білім алады.

