Медициналық колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

Медициналық колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

Медициналық колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі. Бұл туралы Денсаулық Вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев хабарлады. Айтуынша, бұл – саладағы маман тапшылығын азайту үшін жасалып отыр. Жыл сайын медициналық оқу орындарын орта есеппен 7 мыңнан астам адам бітіріп шығады. Соның өзінде елде 5 мың медицина қызметкері жетіспейді. Жалпы, шәкіртақы жыл сайын 15-20%-ға артып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен резидентура гранттары да 2,5 мыңға дейін көбеймек.