QAZAQGAZ газ нысандарының жылыту маусымына дайындығын тексерді

QAZAQGAZ газ нысандарының жылыту маусымына дайындығын тексерді

Алдағы жылыту маусымына Ақтөбе облысы да қызу дайындалып жатыр. Мұнда автоматтандырылған газ тарату станциясы қаланың 80 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қауқарлы. Бүгін «QAZAQGAZ» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов аймақты аралап, объектілердің дайындығын жеке-жеке тексеріп шықты.