Президент Жамбыл облысына 500 кітап сыйға тартты

Президент Жамбыл облысына 500 кітап сыйға тартты

«Ауыл кітапханаларына 100 кітап». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы акцияны қолдап, Жамбыл облысына 500 кітап сыйға тартты. Соның 100-і Көктөбе ауылдық кітапханасына бұйырды. Бұл - Шу ауданының тумасы, жазушы Қарауылбек Қазиевтің 85 жылдығына жасалған тамаша тарту. Осылайша, ауыл кітапханасы қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық- ағартушылық еңбектермен, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармаларымен толыға түсті. Тура осындай топтама Шу ауданынан бөлек, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Қордай және Талас аудандарындағы ауылдарға жөнелтілді.