Сенат Каспий теңізінің биоалуандылығын сақтау туралы заң қабылдады

Сенат Каспий теңізінің биоалуандылығын сақтау туралы заң қабылдады

Каспий теңізінің флорасы мен фаунасы ерекше қорғауға алынады. Сенат депутаттары айдынның биологиялық алуандылығын сақтау туралы хаттаманы ратификациялады. Құжатқа сәйкес, қорғауға алынған жануарларды аулау процесі, өсімдіктерді жинау немесе жою қатаң бақылауға алынады. Сондай-ақ теңіздің экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін түрлі қалдықтарды көмуге немесе орналастыруға тыйым салынады. Парламент қабылдаған заң Қазақстан Президентіне қол қоюға жіберілді. Заң жобасын әзірлеу алдында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының келісімі болғанын атап өткен жөн.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Каспий теңізінің биологиялық алуандылығы мен экожүйесін сақтау – еліміз үшін стратегиялық мәселелердің бірі. Осы ретте бүгін қабылданған заңның маңызы зор. Сондықтан бұл құжат теңіз жағалауындағы 5 мемлекеттің осы бағыттағы ынтымақтастығын күшейтіп, Каспийдің экожүйесін сақтауға өз үлесін қосады деп сенеміз.

Авторы: Гүлбану Тәжібек