Қазақстанда құрылыс қарқыны артты

Қазақстанда құрылыс қарқыны артты

Қазақстанда құрылыс қарқыны артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бірінші жартыжылдықта құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсету көлемі шамамен екі жарым триллион теңгені құрап, 10%-тен астамға ұлғайды. Айта кетейік, бұл салада аймақтар көшбасында келеді. Жетісу облысында көлем 87,5%-ке, ал Абай ауданында 66%-ке өскен. Пайдалануға берілген шаршы метрге келетін болсақ, Астана мен Алматы дәстүр бойынша алдыңғы орында. Сарапшылардың пікірінше, құрылыс ауқымы әрлеу материалдары мен инженерлік жабдықтар өндірісін дамытуға ынталандырады.