Елімізде «Цифрлық нотариат» жобасы іске қосылды
Қазақстан азаматтары сенімхаттың жекелеген түрлерін нотариусқа бармай-ақ рәсімдей алады. Бұдан былай аталған қызметті қашықтан алудың мүмкіндігі туды. Ол үшін енді бар болғаны enis.kz сайтының «Цифрлық нотариаттық іс-әрекеттер» сервисіне өту қажет. Жеке кабинетке енген соң өңірді белгілеп, ұсынылған тізімнен қызмет көрсететін мекемені және онлайн куәландыратын сенімхат түрін таңдау керек. Өтініш беру үшін электронды сандық қолтаңба талап етіледі. Және...
Толқын Әлиева, Республикалық Нотариаттық палатаның заңгері:
– Және өзіңіздің ватсап номеріңізді көрсетесіз, өйткені видео қоңырау шалынады. Сондай-ақ, өзіңіздің ЖСН номерін көрсетестіп өтінім бересіз. Өтінімді бергенен кейін сізге нотариус туралы ақпарат шығады. Қандай нотариуске өтінім бердіңіз, қай жерде ол кісі отырады, телефон номерлері көрсетіледі. Кейін нотариустен қоңырау күтесіз. Натариус сізге қоңырау шалғанда заңнама бойынша сіздің еркіңіз қандай екенін, құжаттарыңыздың бәрін тексеріп, кейін сол нотариаттық іс-әрекетті жасап береді.
Бұл жақында елде іске қосылған «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасының шарапаты. Әзірге сыналып жатқан жүйеде қызмет түрлернің тізімі шектеулі. Негізінен пандемия кезінде халықтың сұранысын тудырған сенімхаттардың жекелеген түрлері енген.
Айнұр Асылханова, ҚР әділет министрлігінің сарапшысы:
– Ол Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында және басқа да құзыретті органдарында, мекемелерінде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында мүдделерін білдіруге және мұрагерлік істі жүргізуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының соттарында істерді жүргізуге арналған сенімхаттар.
Тырнақалды бастамаға қазір тек Павлодар, Солтүстік және Батыс Қазақстан өңірлері тартылған. Бұл тәжірибені болашақта еліміздің өзге аймақтарына ендіріп, онлайн нотариаттық қызмет түрлерінің аясын кеңейту көзделген.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов